Түркістанда «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің көшпелі кеңесі өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауын жүзеге асырудағы ардагерлердің міндеттерін айқындау, жұмысты ұйымдастыру мақсатындағы жиында көптеген мәселе талқыланды.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халық¬аралық қазақ-түрік универ¬ситетінде өткен кеңеске «Арда¬герлер ұйымы» РҚБ орталық кеңес¬тің, Астана, Алматы, Шымкент қалалары, өңірлік ардагерлер ұйымдарының басшылары, Түркі¬стан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, облыстық мәсли-хаттың төрағасы Нұралы Әбішов пен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының құттықтау сөзін облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев оқып берді. Ал «Ардагерлер ұйымы» РҚБ орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов өз баяндамасында Мемлекет басшысы кейінгі жылдары халыққа жылына екі рет ма-ңыз¬ды Жолдау жолдайтынын атап өтті.
«Біріншісі жыл сайынғы дәс¬түрлі Жолдауы болса, екіншісі – Ұлт¬тық құрылтайда сөйлейтін сөзі. Дәстүрлі Жолдауында Мемлекет басшысы экономикалық мәсел嬬лер мен халықтың әлеуметтік жағ¬-дайын жақсарту жолындағы күрделі проб¬лемаларды шешу жолдарын айтса, Ұлттық құрылтайда ұлт-тық идео¬логиямыздағы күрмеуі көп мәселелерді тарқатып айтып жүр», деді Б.Ізмұхамбетов.
Сондай-ақ ол Президент Жол¬дауында айтылған тоғыз басым¬дық¬қа ие түрлі бастамалары, ұсыныс-тары мен тапсырмаларына тоқ¬талды. Жолдауда айтылған атом электр стансасын салу немесе сал¬мау мәселесі еліміздің бола¬шағы¬на қатысты аса маңызды екенін айтып өтті.
«Бәріңіз білесіздер, АЭС құры¬лысы тақырыбы қоғамда үлкен резонанс тудырып отыр. АЭС салуға қарсылық – оның қаншалықты пайдалы екенін білмеуден, білім¬нің жеткіліксіздігінен, кәсіби маман-дардың ақпаратының азды¬ғынан. Кейбір азаматтар АЭС-тің қандай пайдасы барын түсін¬бесе де әлеуметтік желілерде елді дүр¬ліктіріп, неше түрлі еш қисын¬ға келмейтін әңгімелермен үрей¬лендіріп жатыр. Оның энергия тұрғысынан қарағанда әлдеқайда қауіпсіз екенін, өнімді энергияның қайнар көзі екенін біле бермейді. Бүгінгі таңда Қазақстанда атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында 17,9 мыңға жуық адам жұмыс істейді», деді «Ардагерлер ұйымы» РҚБ орталық кеңесінің төрағасы.
Елімізде Курчатов қаласын¬дағы Ұлттық ядролық орталығы, Алматы қаласындағы Ядролық физика институты сынды екі ірі ғылыми ұйым атом электр стансасын құру үдерісін ғылыми-техни¬ка¬лық қамтамасыз ету рөлін ат¬қара¬ды, ал қызметкерлері МАГАТЭ сарапшылар құрамына кіре¬ді. Сондай-ақ баяндамашы қазір¬гі қаралып отырған атом электр стансасының сыртқы қабығы торнадо, дауыл, 8 балға дейінгі жер сілкінісі, су тасқыны сынды табиғи, техногендік және антропогендік әсерлерге төтеп бере алатынын атап өтті. Бүгінде бүкіл өркениетті әлем экономикалық ынталандыруды қоса алғанда, парниктік газдар шығарындыларын азайтуға күш салып келеді. Бұл міндеттеме БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы бойынша келісімінде көрсетілген. Осы келісімге сәйкес Қазақстан 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 15%-ға қыс¬қартуға міндеттеме алды. Пар¬никтік газдардың едәуір көле¬мін жылу электр стансалары шыға¬ра¬ды. Оларды пайдалану кезінде көмірқышқыл газын шығармай¬тын атом электр стансаларына ауыстыру қоршаған ортаға тигізе¬тін кері әсерді азайтады. Бұған қоса Б.Ізмұхамбетов еліміздің жоғары оқу орындарында «Ядролық физика және ядролық энергетика» мамандықтары бойынша 2011-2023 жылдар аралығында 1 649 маман даярланғанын, осы оқу жылында тағы 253 маман даярлана¬тынын, яғни кәсіби мамандар өзімізде жеткілікті екенін айтып өтті.
«Атом электр стансасы кей¬біреу¬лер ойлағандай атом қаруы емес, функциясы мүлдем басқаша екенін түсінуіміз керек. Атом энергиясын әлемде дамыған елдер ғана емес, біз сияқты дамушы ел¬дер де өз игілігіне жаратып отыр. Сондықтан атом десе ат то¬ны¬мызды ала қашпай, АЭС салу мәсе¬лесін қолдауымыз әрі қор¬ғауы¬мыз қажет. Бұл – өте жауапты іс. Арда¬гер¬лері¬міз тұрғындармен кезде¬су¬лерде атом энергиясының пай¬дасы орасан зор екенін дұрыс түсін¬діріп жүрсе деймін», деді Б.Ізмұхамбетов.
Жиында жарыссөзге шық¬қан Түркістан облыстық ардагер¬лер кеңесінің төрағасы Ж.Мәу¬лен¬құлов, Орталық кеңес төралқа¬сы¬ның мүшесі Ж.Ерғалиев, Маңғыс¬тау облыстық ардагерлер кеңесі¬нің төрағасы С.Төлетов, Абай об¬лыс¬тық ардагерлер кеңесінің төр¬ағасы М.Әлин өз ой-пікірін ортаға салды. Мысалы, Жеңісбек Мәу¬ленқұлов халқымыздың игі-жақсы¬лары мен ел ағаларының қасиет¬ті шаһарда бас қосып, еліміз¬дің болашағына қатысты келелі мәсе¬лелерді тал¬қыға салуы терең мәнге ие екенін айтты.
«Мәселеге тереңінен қарайтын болсақ, Президент бұл Жолдауы арқылы өзінің конституциялық міндетін орындап қана қоймай, сонымен қатар келешек ұрпаққа қандай мемлекет, қандай қоғамды мұра етіп қалдыруымыз керектігін де айқындап беріп отыр. Бүгінде елімізде электр қуатының басым бөлігі жылу электр стансаларында өндіріліп жатыр. Біріншіден, қол¬даныстағы жылу электр стан-саларының барлығының дерлік тозығы жеткен, екіншіден, мұн¬дай стансаларда көмір жағылатын-дықтан, оның қоршаған ортаға зия¬ны көп. Мемлекет күн және жел электр стансаларының желісін дамыту бойынша да жұмыс істеп жатыр. Бірақ бұл стансалардың жұмы¬сы ауа райы жағдайына тәуе묬-ді болғандықтан, онда өндірі¬ле¬тін энергия тұрақты емес. Ал отан¬дық экономиканың дамуына тұрақ-ты, таза және арзан энергия көзі керек. Атом энергетикасы – жасыл экономиканың бір тар¬мағы. Қазақстанда АЭС салуға қажет¬ті шикізат әлеуеті жоғары. Бүкіл әлем¬дегі уран өндірісінің 40 пайыз-дан астамы – еліміздің енші¬сінде. Осылай бола тұра атом энер¬гиясын пайдаланбау, бұлақ¬тың басында отырып суға жарымау сияқты әрекет емес пе?», деді Ж.Мәуленқұлов.
Сондай-ақ Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы аға буын өкілдеріне қамқорлық пен әлеуметтік қолдау көрсету және жас ұрпаққа ұлттық танымға сай саналы тәрбие беру бағыттарында өңірде атқарылып жатқан жұмыс¬тар¬ға тоқталды. Ал Орталық кеңес төрал¬қасының мүшесі Жабал Ерғалиев жиынға қатысушыларды үлкен істі ел үлкендері болып қолдауға шақырды.
«АЭС салуға қатысты мәселенің қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Талқы қазір де қыза түсті. Ел азаматтарының пікірі де сан алуан. Біреу қарсы, біреу қол¬дап жатыр. АЭС-ке қарсылар бұл жобаның қауіптілігін, маман¬дар¬дың жоқтығын алға тарта сөйлесе, қолдаушылар жағы қазір әлемде энергия тапшылығының күшейіп бара жатқанын, елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көз-дері аса қажет деген пікірді айтады. Өз басым халықтың пікірін де зе¬рделей отырып, осы саланың маман¬дары мен ғалымдардың ойына көбірек ден қоямын. Не де болса бұл істің тоқ етерін сол істің өз мамандары айтқаны жөн ғой деп ойлаймын. Ал мамандар мен ғалымдардың айтқандарынан түйгенім – біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек. Өйткені Қазақстан осы ал¬дағы уақытта әлем бойынша түр¬лі өнеркәсіп орындары ең көп шо¬ғыр¬ланған мемлекеттерінің бірі болары анық. Қазірдің өзінде ел экономикасы күн өткен сайын мол энергияны қажет етіп отырғанын, сұранысты тек атом энергетикасы қамтамасыз ете алатынын мамандар дәлелмен айтып отыр», деді Ж.Ерғалиев.
Абай облысы ардагерлер кеңесі¬нің төрағасы Мұратқазы Алин қазір дамыған және дамушы мемлекеттерде 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұрғанын айтып өтті.
«Қаншама жыл ядролық жарыстардан зардап шеккен Семей жұрты атом деген сөзді естігенде, төбе шашы тік тұрып, қарсылық біл¬дірері хақ. Оның үстіне Чер¬нобыль АЭС-нің апаттық кесірі де әлі ұмытыла қойған жоқ. Соған қара¬мастан халықтың көпшілігі қазір¬гі ғы¬лым¬ның жетістіктеріне сүйе-ніп және экономикалық, энер¬ге¬тика¬лық тәуелсіздікке қол жеткізу үшін алдыңғы қатарлы елдер сияқ-ты атом энергиясын пайдалану керек деген шешімге келді», деді М.Алин.
Кеңесте ардагерлер қозғалы¬сына белсенді араласып жүрген Түркістан облысы ардагерлеріне Орталық кеңестің төсбелгілері мен Құрмет грамотасы тапсырылды. Алқалы басқосу Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің жас¬тарымен кездесу жиынымен жалғасты. Университеттің мәде¬ниет залында еңбек адамына ар¬¬нал¬ған музыкалық-компози¬ция¬¬лық қойылым қойылды. Ал «Арда¬герлер ұйымы» РҚБ ортବлық кең¬е¬сінің төрағасы Бақты¬қожа Ізмұ-хамбетов студент жас¬тармен сұх¬баттасып, университет ұжы¬мына кітабын тапсырды. Кез¬десу соңында университет рек¬торы Жанар Темірбекова білім ор¬дасының тыныс-тіршілігі, жетіс¬¬тігі мен алдағы мақсаттары туралы ойын ортаға салды. Сондай-ақ ардагерлер Түркістанның көрікті орындарын аралап, соғыс ардагерлеріне арналған «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойды, «Жібек жолы» саябағында ағаш отырғызды.