Қызмет алушылардың құқығын қалпына келтіру дерегі 38%-ға артты

(0 Votes)

2022 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қатысты Департаментке түскен өтініштерді зерделей келе, 13 өтініш дәлелін тауып, қызмет алушылардың құқығы қалпына келтірілді. Бұл көрсеткіш 2021 жылмен салыстырғанда 38%-ға артты.

Сәйкесінше, мемлекеттік қызметті көрсетуден негізсіз бас тарту дерегі 91%-ға азайды.

Осы және басқа да ақпараттарды Департамент басшысы Ерлан Ермаханбетов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткізілген брифинг барысында баяндады.

Департаментпен түскен өтініштер және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 47 тексерулер жүргізілген, нәтижесінде 1 мыңнан астам заңбұзушылықтар анықталды.

Бұзушылықтардың басым бөлігі сәулет және қала құрылысында (23%), жер қатынастары саласында (21%), қауіпсіздік және қорғаныс (15%), мүлік және зияткерлік меншік құқығы (12%), салаларында орын алған.

Тексеру нәтижелері негізінде Департамент ұсынысымен заңбұзушылықтарға жол бергені үшін 13 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан бөлек, ӘҚБтК-ның 465-бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты 15 әкімшілік хаттама түзілді. Нәтижесінде 536 025 теңге көлеміндегі айыппұл мемлекет бюджетіне өндірілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT