Атырауда «З.Қабдолов: Әлем және әдебиеттану мәселелері» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция өтті

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері Зейнолла Қабдоловтың 95 жылдығына орай ұйымдастырылған конференцияға ҚР Президентінің Кеңесшісі, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Омаров, облыс әкімі Серік Шәпкенов және Қырғыз, Түркия елінен келген профессорлар, еліміздегі университеттердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, З. Қабдоловтың ұлы Бақыт Қабдолов пен шәкірттері қатысты.

Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың конференция қатысушыларына жолдаған хатын Президенттің Кеңесшісі Бауыржан Омаров оқып берді.

lmkmokiji



- Зейнолла Қабдолов - ұлағатты ұстаз, ғибратты ғалым әрі көрнекті қаламгер. Сұлу сөздің сүлейі атанған жазушы көркем туындылары арқылы халқының ерекше ықыласына бөленді. Оның шоқтығы биік шығармалары қалың оқырманның жүрегіне жол тауып, қазақ руханиятының алтын қорына енді. Академик-жазушының «Әдебиет - ардың ісі» деген сөзі қаламгер қауымның өмірлік ұстанымына айналды. «Қазақтың Қабдоловы» атанған біртуар тұлғаның азаматтық болмысы мен адамгершілік қасиеттері әрдайым жастарға үлгі-өнеге. Көрнекті ғалымның тағылымды өмір жолы, әдеби және ғылыми мұрасы әлі талай ұрпаққа рухани азық болары сөзсіз. Бүгінгі алқалы жиында Зейнолла Қабдолов бастаған ұлт зиялыларының ел мүддесін қорғау жолындағы еңбектері туралы салмақты ойлар мен салиқалы тұжырымдар айтылады деп сенемін. Конференция жұмысына табыс тілеймін!-делінген құттықтау хатта.

nchygtfgcvbmn

Конференцияда сөз алған Серік Шәпкенов Зейнолла Қабдоловтың көркем сөзді кестелеп төгетіні, қаламынан туындаған әр шығармасы оқырман жадында мәңгі сақталарын айтты.

- Қасиетті Атыраудың өңірі - тұнған тарих. Бұл киелі топырақтан түлеп ұшқан кез келген тұлғаның тұла бойынан тектілік көрініп тұратыны осы тамырының тереңдігінен шығар. Зейнолла Қабдоловтың жан сұлулуығы, көркем сөзді кестелеп төгетіні әлі күнге елдің жадында. Ол әдебиетке өз қолтаңбасымен, өз ізденісімен, өз пікірімен келген еді. Соңғы демі таусылғанша адамдар арасындағы қарым-қатынастың сыпайылығы мен сыршылдығын, адалдығы мен рухани байлығын жырлады. Бүгінде қадірлі Зекеңнің ұлттық қазынаның інжу-маржандарын тере отырып, қазақ сөзінің қадірін, құдыретін о бастан бағалаған, қастерлеген, соны жан жүрегімен сезіне отырып, өз атын Қазақ елі тарихына алтын әріптермен жазып кеткендігін уақыттың өзі дәлелдеп берді,-деді С.Шәпкенов.

Шараға қатысушылар З.Қабдоловтың жазушылық, ғалымдық, ұстаздық портреті және проза жанрында, әдебиеттану ғылымында, ұстаздық жолында қалдырған мұрасы мен әдебиеттегі орны туралы баяндама жасады.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT