Атырау қаласы әкімдігі 2020 жылдың 22 ақпан – 4 сәуір күндері әр сенбі сайын «Сарайшық» коммуналдық базарында «Әр ауданның күндері» атты көрме-жәрмеңке ұйымдастыратынын хабарлайды.
Жәрмеңкеге Махамбет, Индер, Жылыой, Құрманғазы, Қызылқоға, Мақат, Исатай аудандарының шаруа қожалықтары өздерінің өнімдерін қолжетімді бағамен ұсынады.
29 ақпан Индер ауданы
7 наурыз Жылыой ауданы
14 наурыз Құрманғазы ауданы
21 наурыз Қызылқоға ауданы
28 наурыз Мақат ауданы
4 сәуір Исатай ауданы
Сонымен қатар, «Сарайшық» коммуналдық базарының 4-ші қоймасында көтерме тасымалдаушылардың павильоны ашылды.
Жәрмеңке, Атырау қаласы, Маден көшесі 1А, «Сарайшық» коммуналдық базарында өтеді