Атырауда кәсіпкерлерге заңсыз тексерулер жүргізілген

(0 Votes)

Атырау облысының прокуратурасы кәсіпкерлік нысандарды заңсыз тексергендерді анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық прокуратура Мемлекет басшысының шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жариялауына байланысты заңсыздыққа жол бермеу үшін мобильдік топ құрған еді. Жыл басынан бері аталған бұл топ 300-ден астам кәсіпкердің құқығын қорғады.

«Мәселен, жарияланған мораторийге қарамастан қалалық ветеринария бөлімі заңға сәйкес негізі болмаса да қаланың ірі базарларында шағын бизнес субъектілеріне тексерулер жүргізген. «Бас жоспар» ЖШС бизнес субъектілеріне заң бұзушылықтарды жою туралы хабарлама бере отырып, тексеру жүргізген. Аталған фактілер бойынша прокурорлық ықпал ету актісі енгізіліп, 6 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды», деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Прокуратураның мәліметінше, білім беру мекемелерін ыстық тамақпен қамтамасыз ететін кәсіпкерлер мемлекеттік органдар тарапынан тексеру тәуекеліне көбірек ұшырайды. Осыған орай қолданыстағы заңнама мен мораторий тәртібін түсіндіру мақсатында Атырау қалалық прокуратурасы кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Оған өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен кәсіпкерлік бөлімнің өкілдері қатысты.

inform.kz

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT