Қандай қоғамда болсын саяси партиялардың басты мақсаты – билікке ұмтылу, мемлекетті басқаруға қол жеткізу дегенді техникумда жүргенде «Политэкономия» сабағынан оқушы едік.
Ол кезде жастықпен мән бермеген шығармыз, мағынасын терең түсініп те жарымадық. Міне, енді сол кітаптан оқығанымыз алдымыздан шығып, шынайы өмірге дендеп еніп жатыр, Кешегі аламанда 5 бірдей саяси партиялар сайлауға қатысып, билікке ұмтылды. Сол додада ыстығына күйіп, суығына тоңа жүріп, 20 жыл бойы елмен етене жүйелі жұмыс жасап, көшбасшы болып келген «Nur Otan» партиясы елінің сеніміне ие болып, үлкен басымдық алды.
Депутттар корпусы, Үкіметтің құрамы қалыптастырылды. Ендігі мақсат, 5 жылдан кейін, сайлаушылардың алдында еңсеміз биік болуы үшін, партия съезінде бекітіп, халыққа ұсынған бағдарламаның орындалысын қамтамасыз ету. Жоғары жауапкершілікті сезініп, халықтың сенімінің үдесінен шығу жолында алдағы белгіленген жоспарымызды орындауға кірісіп те кеттік.
Сайлауалды үгіт насихат науқанында облыс бойынша түскен 5 мыңнан астам аманаттарды саралай отырып, көп мәселені, халықты не толғандыратынын бағамдауға болады. Олардың мыңнан астамы сайлауалды бағдарламада ескеріле тұрса да, орындауын күтіп тұрған шаруалар да аз емес.
Жаңадан сайланған депутаттар корпусымен бірлесе отырып, «осы істі бір бітірсе «Nur Otan» партиясы бітіреді деп үміттене, аманатын ұсынған сайлаушылардың пікірлері ескеріліп, орынды өтініштері заңдылық шеңберінде болса, орындалуы тиіс. Бірде-бір аманат аяқсыз қалмауы қажет. Қазақта «аманатқа қиянат жасамас болар» деген, сол жолдағы еңбегіміз нәтижелі болғай! Қиындықтарды еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз.
Ақтолқын Жақсылыққызы,
«Nur Otan» партиясы Атырау облыстық
филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңшгерушісі,
29 қаңтар, 2021 жыл