Қазақстанға қызмет ету – абырой мен жауапкершілік!

Қазақстанға қызмет ету – абырой мен жауапкершілік!
(0 Votes)

Бүгінгі жаһандану кезеңінде отандастарымыз әлемнің жетекші университеттерінде білім алып, алпауыт компанияларда тәжірибе жинап жүр. Бұл – үлкен мүмкіндік әрі зор әлеует. Ендігі кезекте сол жинақталған білім мен тәжірибені туған елдің игілігіне жұмсау – әр азаматтың азаматтық борышы.

Мемлекет «Қазақстанға пайдалы бол!», «Жаңа форматтағы репатриация» сынды бастамалар арқылы шетелдегі білікті мамандарды елге тартуға күш салып келеді. Жастар үшін арнайы гранттар мен қолдау бағдарламалары да жолға қойылған.

Шетелде жүрген әрбір қазақстандық – ел болашағына серпін бере алатын ерекше тұлға. Өз қабілетін, білімін Отан игілігіне арнау – шынайы патриотизмнің белгісі.

 

Мәлік Әнесұлы,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT