Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында еңбек нарығын дамыту мен жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Мемлекет басшысы елдің дамуы ең алдымен кәсіби мамандар мен еңбек адамдарынан басталатынын баса айтты.
Бүгінгі таңда құрылысшы, дәнекерлеуші, электрик, тігінші сынды жұмысшылар – ел экономикасының негізгі тірегі. Олар қоғам игілігі үшін аянбай еңбек етіп, мемлекетіміздің берік іргетасын қалап келеді.
Еңбек адамына құрмет – елге деген құрмет. Сондықтан жастарды еңбекке баулу, кәсіби мамандықтарды игеруге ынталандыру – басты міндет.
Қабылхан Омаров
аудандық “Ардагерлер кеңесінің” мүшесі