Қазақстандық ет шетелде сұранысқа ие

(0 Votes)
фото: oldkaz.kyzylorda-news.kz

Қазақстандық ет шетелде де сұранысқа ие болып отыр. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерден белгілі болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрліктің мәліметтерінше, биылғы алты айда қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 11,8 мың тонна ет пен ет өнімдерін, оның ішінде 7,5 мың тонна ірі қара және 3,6 мың тонна қой етін экспорттаған.

Отандық өндірістің ет және ет өнімдерінің негізгі импорттаушылары - Өзбекстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Катар, Кувейт, Біріккен Араб Әмірліктері және Сауд Арабиясы Корольдігі сияқты елдер болып табылады.

Қазақстандық ет өңдеушілер ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуды субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау алады, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртуға және жаңа кәсіпорындар салуға жұмсалатын шығыстардың 25%-на дейін өтеледі. Бұдан басқа, айналым қаражатына берілетін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тетігі енгізілді. Өз кезегінде мал өсірушілердің малды өңдеуге тапсырған кездегі шығындарының бір бөлігі субсидияланады.

Жарты жыл ішінде шаруашылықтардың барлық санаттарында сойылған салмағындағы барлық түрдегі ет өндіру көлемі 666,7 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6%-ға артық.

2022 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 924,4 мың тонна ет өндірілді. Ішкі нарық құс етін қоспағанда, отандық өндіріс есебінен мал шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз етілген. Ел нарығындағы импорттық тауықтың үлесі 33% құрайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз