Ауыл тұрғындарына кәсіпкерлікті дамыту үшін 42 млрд теңгенің шағын несиесі бөлінген

Сурет: gov.kz
(0 Votes)

2023 жылдың 13 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, 1 388 ауылдық округті қамтитын 42 млрд теңге сомасына 7 429 шағын несие берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл цифрлар "Ауыл аманаты" жобалық кеңсесінің кезекті отырысында жария етілді. Айта кетсек, Ауыл аманаты" жобасы ел тұрғындарына жылдық 2,5%-бен 5-7 жыл мерзімге шағын несие беруді қарастырады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, берілген 7 429 шағын несиенің 85%-ы мал шаруашылығы саласына (35,8 млрд. теңге), 7%-ы өсімдік шаруашылығына (2,8 млрд. теңге), 5%-ы кооперативтер үшін ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуға және 2,6%-ы басқа бағыттарға (1,1 млрд. теңге) бөлінген.

Жиын қорытындысына сәйкес, Премьер-министрдің орынбасары жауапты мемлекеттік органдар мен өңірлерге облыс, аудан, ауылдық округ деңгейінде жобалық кеңселер құру, цифрлық платформаны әзірлеу процесін жеделдету жөнінде тапсырмалар берді.

"Барлық деңгейдегі әкімдіктерге жыл соңына дейін ауылдық округтерге скрининг жүргізу, олардың экономикалық мамандануын айқындау, сондай-ақ ауылдық кооперативтер құру жұмысын жандандыру тапсырылды", делінген Үкімет сайтындағы баяндама мәтінінде.

Сондай-ақ Жамбыл және Ақтөбе облыстарының оң тәжірибесі ұсынылды. Онда жобаны іске қосу алгоритмінен бастап, ауылдық округтерге скрининг жүргізу, ауыл шаруашылығы кооперациясын құру, дайын ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу тізбегін ұйымдастыру үдерісін реттей алды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырған болатын.

Бұған Қазақстанның солтүстік облыстарында ауа райы салқындап, жаңбыр мен үсік салдарынан астықтың сапасы төмендеуі мүмкін екендігі хабарланған болатын. Қазақстанның негізгі астық егетін өңірлері – Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында соңғы екі аптада жауын-шашын толастамай тұр. Қазгидрометтің болжамы көңіл көншітпейді: жауын-шашын 17 қыркүйекке дейін жалғасып, аяз түседі, соның салдарынан солтүстік өңірлерде жаңа дәннің өніп кетуі және ылғалдың жоғарылығынан сапасының төмен болу қаупі бар.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT