Қазақстанда өкпені жасанды желдету аппаратын шығаратын өндіріс ашылды

(0 Votes)

amin.kz/ ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорнына барды.

Кәсіпорын пандемия жағдайында өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) стационарлық аппараттарының өндірісін ұйымдастырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл аппарат емдеу мекемелерінде жансақтау және қарқынды терапия бөлімдерінде ересектер мен балалардың өкпесін ұзақ уақыт бойы желдетуге арналған.

Өкпені жасанды жеделдету аппараты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің талаптарына сай келеді және Нұр-Сұлтан қаласындағы Көпсалалы жұқпалы аурулар орталығында сәтті сынақтан өтіп, медицина мамандарының оң сараптамалық қорытындысын алған.

Бүгінгі таңда жергіліктендіру деңгейін 30%-ға дейін жеткізумен, оны 50% және одан да көп пайызға ұлғайту перспективасымен ӨЖЖ аппараттарын өндірістік құрастыру жүзеге асырылуда. Өндірістік цикл кезеңінде жергіліктендіру деңгейі «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС-ның заманауи технологиялық жабдықтармен жабдықталуының және электронды, радиоэлектронды және оптикалық приборлар саласындағы инженерлік-техникалық персоналдың құзыретінің жоғарылығының арқасында артатын болады.

00-750x450

ӨЖЖ аппараттары өндірісіне ҚР басқа да қорғаныс саласы кәсіпорындарының технологиялық әлеуеті тартылған. Денсаулық сақтау министрлігінің жөнелтуге рұқсаты бойынша ӨЖЖ аппараттары биыл қыркүйек-қазан айларында еліміздің барлық өңірлері бойынша медицина мекемелеріне 1500 дана көлемінде жеткізілетін болады.

ӨЖЖ аппараттарын құрастырумен қатар, кәсіпорынның инженерлік-техникалық персоналы емдеу мекемелеріндегі медицина қызметкерлерінің оқытылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ 24/7 режимінде техникалық қолдауды жүзеге асырады. Кәсіпорындарға 3 жыл бойы кепілдікті қызмет көрсету мерзімі ұсынылады.

Үкімет басшысы өндіріспен танысып, еліміздің медицина мекемелеріне өнімдерді уақтылы жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды. «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС өндірістік алаңын аралауға Премьер-Министрдің орынбасары Р. Скляр, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б.Атамқұлов, денсаулық сақтау министрі А.Цой және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгінов қатысты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521