Нұр-Сұлтанда коронавирус өршіп кетті – мұнда бір тәулікте мыңға жуық адамнан инфекция анықталды.
Қазақстанда өткен тәулікте 3 899 адамда коронавирусқа тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Айта кетейік, бір күн бұрын 3 695 науқас тіркелген болатын.
Өңірлер бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында – 950,
Алматы қаласында – 638,
Шымкент қаласында – 264,
Ақмола облысында – 139,
Ақтөбе облысында – 55,
Алматы облысында – 85,
Атырау облысында – 290,
Шығыс Қазақстан облысында – 68,
Жамбыл облысында – 66,
Батыс Қазақстан облысында – 215,
Қарағанды облысында – 603,
Қостанай облысында – 92,
Қызылорда облысында – 64,
Маңғыстау облысында – 126,
Павлодар облысында – 142,
Солтүстік Қазақстан облысында – 31,
Түркістан облысында – 71.
Пандемия басталғалы республикада коронавирус инфекциясын 458 725 қазақстандық жұқтырды.
Сурет: ашық дереккөз