АТЫРАУДА БАЛЫҚШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

(0 Votes)

Балықшы күні қарсаңында Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев сала үздіктері мен ардагерлерін марапаттады, деп хабарлайды Балық шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.

«Өзен жағалағанның өзегі талмас» деп бекер айтылмаған. Атырау өңірінде 18 табиғат пайдаланушы субъект болса, соның бәрінде балықшылар қысы-жазы еңбек етіп жатыр. Осы орайда, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, отбасы амандығы мен мықты денсаулық тілеймін. Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, былтыр облыста «Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы» қабылданғаны белгілі. Осы мерзімде бағдарлама шеңберінде тоғыз жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұдан бөлек, Балық шаруашылығы өз алдына басқарма болғалы бірталай жұмыстар атқарылды» деген Қайрат Есқабылұлы бірқатар сала өкілін Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің грамоталарымен марапаттады.

Атап айтқанда, «Балық шаруашылығы саласында мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен – Рашиден Қалидуллин, Мейрамгүл Оңайбаева, «Құрмет» грамотасымен – Зина Тюмешова мен Зухра Ғұбашевалар марапатталды. Осыдан соң, Атырау облысы Балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы тағы бірқатар азаматқа облыс әкімі мен мәслихаттың және Балық шаруашылығы басқармасының Алғыс хаттарын табыс етті. Сондай-ақ, «Восток» серіктестігінің звено басшысы Өмірзақ Азбергенов министрдің қолынан «Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер» құрмет атағын алғанын да айрықша атап өту керек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT