Қазақстанда бензин мен дизельге шекті баға енгізілмек

Қазақстанда бензин мен дизельге шекті баға енгізілмек
Фото: Pexels
(0 Votes)

Ашық НҚА порталында Энергетика министрінің жанар-жағар май құю станциялары үшін бөлшек сауда бойынша мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы бұйрығына өзгерістер енгізудің жобасы жарияланды.

«Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық авто жанар-жағар май құю станциялары үшін бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11165 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін», - делінген бұйрық мәтінінде.

Аи-80 маркалы бензин – 1 литр үшін 89 теңге;

Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литр үшін 205 теңге;

Дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – 1 литр үшін 295 теңге.

Аталған жаңашылдықты қоғамдық талқылау 2024 жылғы 28 ақпанға дейін жалғасады.

kaz.inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT