Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапарын қорытындылады.
«Қатарға алғашқы мемлекеттік сапардың қорытындыларын жоғары бағалаймын. Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен мазмұнды келіссөз нәтижесі бойынша қазақ-қатар қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгенін айрықша атап өткім келеді. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың ерекше сипатын сапар аясында қол қойылған өте маңызды құжаттар дәлелдейді. Қатар Мемлекетімен өзара тиімді ықпалдастықты бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін арттыра береміз», — деп атап өтті Мемлекет басшысы Instagram парақшасында.
Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапармен Қатарға барғанын хабарлаған болатынбыз.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қатар Әмірі бірқатар құжатқа қол қойды.
Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатарға мемлекеттік сапары аяқталды. Екі күнге созылған сапарда екі ел басшылары не туралы келісті, қандай құжаттарға қол қойылды және Қазақстан мен Қатар ынтымақтастығының келешегі қандай екенін мына материалдан оқуға болады.