Қазақстан төрағалық етеді

Қазақстан төрағалық етеді
(0 Votes)

Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының (ТММҚ) Бакудегі Бас штаб-пәтерінде сарапшылар қор кеңесінің отырысына дайын­дық жұмыстарын талқылады. Олар осымен екінші мәрте бас қосып отыр. Жиынға Әзербайжан, Қазақстан, Қыр­ғызстан және Түркияның Сыртқы істер мен Мәдениет минис­трліктерінің өкілдері, сондай-ақ ұйым қызметкерлері қатысты.

Қор президенті Ақтоты Райым­құлова қонақтарды қарсы алып, өткен жылы қор жүзеге асыр­ған жұ­мыстар туралы мәлі­мет берді. Ол қор тарапынан 74-тен аса жоба мен іс-шара ұйым­дастырылғанын айтты.

– Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде түркі әлемінің көрнекті ғалымы Махмұд Қашқаридың XI ғасырда жазылған «Диуани Лұ­ғат әт-түрк» атты алғашқы түр­кі тілдері энциклопедиялық сөзді­гінің 950 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция мен көрме өтті. «Түркі әлемінің танымал тұлғалары», «Түркі әде­бие­тінің жауһарлары», «Түркі әле­мінің ғылыми қазына­лары» атты кітап сериялары жарық көрді. Баку­де «Түркі әлемінің тарихи және мәдени мұрасын ЮНЕСКО тұр­ғы­сынан зерттеу және қорғау» тақы­рыбында халықаралық конферен­ция өткізілді, – деді қор басшысы.

Сондай-ақ А.Райымқұло­ва­ның айтуынша, Астанада өткен саммит аясында Алмағұл Ос­мо­новтың Бішкектегі үй-му­зейін қалпына келтіру және қайта жөндеу жұ­мыс­тары аяқ­тал­ған. «Түркі әлемі 2040-қа көзқарас» құжаты мен TURKTIME бастамасына сәйкес Түркі мәдени мұрасының каталогі дайындалған. Бесінші Дүниежүзілік көшпелілер ойын­дары қолдау тауып, Ыстан­бұлда түркі мәдени мұрасын басқару саласында мамандар арасында тәжірибе және білім алмасу бағдарламасы ұйымдастырылған.

Жиында сарапшылар түркі ха­лықтарының мәдени мұра­сын сақ­тау және қорғау бағы­тында ынты­мақтас­тықты кеңей­ту мәселе­лерін талқылады. Ал мем­лекеттік органдардың өкілдері мен қор қыз­меткерлері ұйым­ның нормативтік құжаттарына өзгеріс­тер енгізу жайын қарасты­рып, 2025–2026 жыл­дарға арнал­ған қордың жұмыс жоспарына енгізілген Түркі әле­мінің бай мұрасын насихат­тау, сақтау және қалпына келтіруге бағытталған жобаларды пысықтады.

Айта кетейік, биыл қор кеңе­сіне Қазақстан төрағалық етеді. Қордың негізін қалаушы елдердің Мәдениет министрлері екінші кеңесінің отырысы алдағы 7 ақпа­нда Астана қаласында өтеді.

Еркінбек СЕРІКБАЙҰЛЫ,

«Әдебиет пен өнер» порталының Қазақстандағы өкілі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT