“Қауіпсіз жол” іс-шарасы жалғасуда

“Қауіпсіз жол” іс-шарасы жалғасуда
(0 Votes)

Атырау облысында 27-30 қаңтар аралығында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. 

Іс-шараның басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және зардап шеккендердің санын азайту. Осы бағытта патрульдік полиция қызметкерлері тәулік бойы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, жүргізушілерге жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында LED экрандар арқылы жол апаттарының фото және бейнемазмұны көрсетілуде.

Құрметті жүргізушілер!

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және баршаңыздың қауіпсіздігіңіз үшін жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT