Атырау облысы аумағында өткізіліп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында бүлдіршіндер жол қозғалысы ережелерінің маңыздылығын жүргізушілерге түсіндіріп, сақтық шараларын сақтауға шақырды. Балалар жолда мұқият болу, жаяу жүргіншілерге жол беру сынды маңызды ережелерді еске салды.
Бұл шараның мақсаты – жүргізушілердің назарын жолдағы жауапкершілікке аудару және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Балалардың тікелей қатысуы арқылы берілген ескерту көпшілікті бейжай қалдырмады.
Осы ретте, полицейлер жол ережесін қатаң сақтап, жылдамдықты асырмау керектігін ескертеді.