Қателігіміз сабақ болуы тиіс

(0 Votes)

Бүгінде елдегі эпидахуал жағдайы күрделеніп отыр. Күннен-күнге вирус жұқтырушылар саны да артуда.  Былтырғы қателігімізден сабақ алып, вирустан қорғануды тездеткеніміз жөн. Өзім вакцина туралы толық мәліметтерге қанық болып, оның пайдасы мол екеніне көз жеткізгеннен кейін ерікті түрде салдыруға шешім қабылдадым. Бүгінгі күні денсаулығымда кінәрат жоқ деп айта аламын.

Вакцина туралы әртүрлі алыпқашпа сөзге ермей, вакцина алуға асығу қажет. Себебі, аты жаман індеттен қорғанудың бірден-бір жолы осы екпеде болып тұр.

Әйтсе де, тұрғындар өміріне төнген қауіпті әлі толық сезінбей отыр. Жағдайға салғырттықпен қарамауға тиіспіз. Басты байлық – адам өмірі мен денсаулығы. Саулық – сақтықта. Осына естен шығармайық!

 

Гүлнара ТІЛЕУОВА,

Мақат желілік-өндірістік басқармасының өндірістік

техникалық бөлімінің технигі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521