Былтырғы жағдай ел есінен әлі ұмытыла қойған жоқ. Жұқпалы ауру ел алдында жүрген бірқатар атпал азаматтардың да өмірін қиғаны бәрімізге аян. Сол жағдай қайталанбас үшін сақтықты күшейтіп, талапқа бағынаған жөн.
Ал індеттен сақтанудың басты жолы вакцина болып отыр. Алғаш вакцина қолданысқа шығарылып, бірінші кезекте мұғалімдерге салынады дегенде өз еркіммен барып, вакцина қабылдаған болатынмын. Екпенің екі кезеңінен де сәтті өттім. Денсаулығыма кері әсерін тигізер жағдайлар орын алмады. Вакцина алуымның бірден бір себебі, отбасымды қауіпті індеттен қорғап, иммунитет қалыптастыру болды. Сақтық шарасын естен шығармай, вакцина алғанымыз дұрыс. Жаппай вакциналанғаннан кейін ұжымдық иммуниет қалыптасып, вирус жойылады деген үміттемін.
Ләззат ИТОЛҒАНОВА,
Л.Шахатов атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі