Қарапайым мамандықтың құны қашпайды

Қарапайым мамандықтың құны қашпайды
(0 Votes)

2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жариялануын мен ерекше қуанышпен қабылдадым. Өйткені, елдің дамуында тек ірі кәсіпкерлер мен ғалымдардың ғана емес, қарапайым еңбек адамдарының да үлесі орасан зор. Кеңес дәуірінде біз «еңбек – адамды көркейтеді» деген қағиданы ұстандық. Қазір де бұл сөздің маңызы жойылған жоқ.

Жұмысшы мамандық иелері – ел экономикасының тірегі. Құрылысшысыз – үй, дәнекерлеушісіз – зауыт, механиксіз – өндіріс болмайды. Осындай қарапайым да қадірлі мамандықтарды дәріптеу арқылы жастардың еңбекке деген қызығушылығын арттыруға болады.

Президенттің бастамасы жастарға үлкен мүмкіндік береді. Колледждерде оқып жүрген шәкірттеріміз халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысып, елдің абыройын асқақтатып жүр. Бұл – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтерудің нақты дәлелі.

Мен өз өмірімді еңбекпен өткерген жан ретінде айтарым: еңбек адамының қолы майлы болса да, жүзі жарық. Сондықтан бұл жыл – еңбек адамын ұлықтайтын, жастарды адал еңбекке баулитын кезең болмақ.

Зоя Теміртасқызы,

Еңбек ардагері 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT