Қарапайым еңбек – үлкен құрметке лайық

Қарапайым еңбек – үлкен құрметке лайық
(0 Votes)

2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жариялануы – өте дер кезінде қабылданған шешім. Қазіргі таңда ел экономикасының өсімі үшін тек жаңа технологиялар ғана емес, сол технологияны меңгеретін білікті мамандар қажет. Біз кезінде зауытта да, колхозда да еңбек еттік. Ол кезде жұмысшының еңбегін халық та, мемлекет те қатты бағалайтын. Қазір де сол дәстүрді қайта жаңғыртқан жөн.

Жастар көбіне жеңіл жолды іздейді, бірақ нағыз өмір мектебі – адал еңбек. Жұмысшы мамандығын игерген жас ешқашан далада қалмайды. Өйткені, қай кезде де ұсталардың, шеберлердің, механиктердің еңбегі қажет болады.

Бұл бастама жастардың кәсіби білімге деген ынтасын арттырып қана қоймай, жұмысшының абыройын көтереді деп сенемін. Еңбексіз елдің еңсесі болмайды, сондықтан еңбек адамына көрсетілер құрмет арта түссін!

Ғаділхан Қалиев,

Еңбек ардагері 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT