Қайғылы жағдайдың қайталануына жол бермейік!

(0 Votes)

Өздеріңізге мәлім елімізде «COVID-19» коронавирустық инфекциясы былтырғыдай қайтадан өршу үстінде.

Біздің Мақат ауданы бойынша да осы індетті жұқтырғандар саны күрт өсіп отыр. Жылдың басынан аудан бойынша 46 адам тіркелсе, бүгіннің өзінде ауданымызда 5 жағдай тіркеліп отыр. Оның 3-еуі Мақат кентінде болса, 2-еуі Доссор кентінің тұрғындары. 

Облыстық инфекциялық ауруханаға індет жұқтырған адамдар көптеп түсуде. Қазіргі таңда 22 ауылдасымыз ем алу үстінде.  Аудан халқына қаншалықты Атырау облыстық бас санитариялық дәрігердің карантиндік шектеулер жөніндегі қаулысын түрлі тәсілдермен /қағаз түрінде, әлеуметтік желілер арқылы, т.с.с./ таныстырып, ақпараттандырғанмен, тұрғындар тарапынан әлі де болса немқұрайлық танытып, карантиндік шектеулерді бұзу фактілер жиі орын алуда. Індет жұқтырған жерлестерімізді зерделеу барысында, көбі отбасылық іс-шараларға /той-құдалық, садақа, ауыз ашар, т.с.с./ барып, сол жерден жұқтырғандары анықталып отыр. 

 Құрметті жерлестер!

Өзіміздің және айналамыздағы адамдардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бірге атсалысайық!

Былтырғы жылдың  жаз айындағы қайғылы жағдайлардың қайталануына жол бермейік. Қазіргі таңда эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес. Індет жұқтырғандар саны қарқынды өсіп келеді. «Ауырып ем іздегенше - ауырмайтын жол іздейік» қағидатын ұстануымыз қажет. Әр адам өзін және отбасы мүшелерін сақтық шараларымен қамтамасыз етсе, бұл індеттің таралуына тоқтам салуға болады. Әлеуметтік желілерде тарап жатырған жалған мәлімет пен алып-қашпа сөзге ермей, сақтық шараларды әр адам өзінен бастау қажет. Қаншалықты сенгіміз келмесе де, қазіргі ауырып жатырған жерлестеріміз осы індеттің барынының куәсі. Індеттің алдын алудың бірден-бір тәсілі – бұл індетке қарсы екпе алу болып табылады. Қазіргі таңда облыс халқы тарапынан екпе алуға ниет білдірушілер саны артып келеді.

Сол сияқты, өз денсаулығымыз бен өміріміздің қауіпсіздігін ойлауымыз қажет. 

Б.Жайкин, 

Мақат аудандық жедел штаб басшысы

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT