ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте өңірді дамытуға қатысты 7 міндетті айқындап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Атырау облысының жағдайы туралы барлық баяндамаларды тыңдадық. Аймақты дамытуға қатысты нақты мақсат-міндеттеріміз бар. Індеттен туындаған қиындыққа қарамастан, ел экономикасын қалпына келтіруге күш жұмылдыруымыз қажет. Қазір бүкіл әлем дамудың дағдарыстан кейінгі кезеңіне қадам басты. Біз осы үрдістен қалып қоймауымыз керек. Сондықтан, мынадай міндеттерді шешуге баса мән берген жөн», - деді онлайн форматта өткен кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бірінші - мұнай-газ өнеркәсібін дамыту, екінші - автожолдарды дамыту, үшінші - жұмыспен қамту, төртінші -денсаулық сақтау жүйесін нығайту, бесінші - өңірді тұрақты энергиямен қамту, алтыншы - өңірді сумен қамтамасыз ету.
«Жетіншісі – тұрғындардың денсаулығы және өмір сапасы өңірдегі экологиялық жағдайға байланысты», - деді Президент.
Сурет: ашық дереккөз