ПТР зертханалардың саны 11-ге жетті

(0 Votes)

Атырауда ПТР тест жүргізетін зертханалардың қуаттылығы тәулігіне 7000-ға жетті

​«Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

​«Пандемия басталған алғашқы кезеңде өңірде тәуліктік қуаттылығы 350 зерттеуді құрайтын 2 ПТР зертхана болды. Қазір олардың саны 11-ге жетіп, қуаттылығы тәулігіне 7 мың зерттеуге дейін ұлғайды.

​Дәрілік заттардың тұрақты қорын және дәріханалар желісінде олардың төмендемейтін қорын қалыптастырдық. Осы мақсатта «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы «Іңкәр» ЖШС-не 500 млн. теңге бөлініп, негізгі дәрілік заттардың 42 атауы сатып алынды. Қазір облыстың дәріханалар жүйесінде қажетті дәрі-дәрмектердің барлығы бар» деп атап өтті аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетелік, елімізде 1 ақпанда​ коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталды. Атырау облысында 1000 доза негізінен медицина мамандарына салынды.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT