Облыстағы орман қорлары жеріне 2021-2025 жылдар аралығында 7 миллион көшет отырғызылады.
«Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
«Ауаның ластануы, жасыл желектердің жұтаңдығы - жиі көтерілетін мәселелер. Көгалдандыру бойынша, қала, аудан аумағынан жалпы көлемі 5 мың гектардан астам учаскелердің тізбесі жасалды. Оларға тал отырғызу жұмыстарына «NСОС», «Теңізшевройл», «Ембімұнайгаз», «Атырау мұнай өңдеу зауыты» және басқа да компанияларды тарту көзделуде» деп атап өтті Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Және биыл «Тухлая балка» кәріздік сулардың булану алаңын қалпына келтіру жұмыстары басталады.
«Квадрат» кәріздік сулардың булану алаңы бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасақталды. Осы ретте, кәсіпорындардың атмосфералық ауаға тастаған ластаушы заттар шығарындыларының 2019 жылмен салыстырғанда 15 мың тоннаға, яғни 9 пайызға азайғанын атап өткеніміз жөн.
Еске сала кетелік, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн форматта есеп беруде. Әкім есебі «Каспиан ньюс», «Атырау» каналдарында тікелей эфирде, atyrau.gov.kz сайты және әкімдіктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында көрсетілуде.
Сурет: ашық дереккөз