«Пробация» республикалық іс-шарасы өткізілуде

(0 Votes)

Наурыз айының 15-24-і аралығында Мақат аудандық пробация қызметі мен аудандық полиция бөлімі бірлесе отырып Мақат ауданы бойынша «Пробация» атты республикалық жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Мақат аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған, қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан әкімшілік құқық бұзушылық пен қылмысты қайта болдырмау мақсатында тұрғылықты мекен-жайлары және жұмыс орындары тексеріліп, олармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, бақылау жұмыстары өткізілуде.

Жалпы, Мақат аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандардың барлығы 45 тұлға.

eaf59b1e-d20a-4858-a7d6-d6e676e87c97

Олардың ішінде шартты сотталғандар – 11 тұлға, бас бостандығын шектеу жазасына сотталғандар саны – 24 тұлға, қоғамдық жұмыс жазасына сотталған - 1 тұлға, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы сотталғандар саны – 9.

Пробация қызметі өз тарапынан осындай жазаға кесілгендерді тәрбиелік дұрыс жолға салып, қайта қылмыс жасаудың алдын алу және болдырмау мақсатында тыңғылықты жұмыстануда.


А.З.Салқынбаев,
Мақат аудандық пробация
қызметі тобының аға инспекторы
әділет майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT