Оның ішінде әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, лудоманиямен күрес, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау және денсаулық мәселелері бойынша түзетулер бар.
Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы, масс-медиа туралы, ғылым және технологиялық саясат туралы, көлік құралдарының жекелеген түрлерінің қозғалысын ұйымдастыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін цифрландыру туралы және басқа да жаңа заңдар күшіне енді.
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң, сондай-ақ ғылым және технологиялық саясат туралы заңның кейбір нормалары күшіне енеді.