Жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акцияның ақпараттандыру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен дайындалған республикалық медиа-жоспарға ұсыныстар жолданды. Ақпараттық-имидждік жобаларды жүзеге асыру жоспары жасақталды.
Қазіргі уақытта акция туралы ақпараттық баннерлер қала және барлық аудандарда орналыстырылған (жалпы саны – 14 баннер), оның ішінде:
Атырау қаласы – 2,
Жылыой ауданы – 2,
Махамбет ауданы – 4,
Мақат ауданы – 2,
Индер ауданы – 2,
Қызылқоға ауданы – 1,
Исатай ауданы – 1, Құрманғазы ауданданында ілінбеген (ақпарат ұсынылмады).
Сонымен қатар, Атырау қаласында 13 мекен-жай (2 бейнеролик – тәулігіне 10 800 рет) бойынша және Индер ауданында орналасқан LED-экрандар арқылы бейнероликтер көрсетілуде.
Оған қоса, МАМ-мен дайындалған бейнероликтер мен аудоджинглдер қала және барлық аудандардағы ойын-сауық және сауда орталықтарында, емханалар, аэропорт және теміржол вокзалдарында көрестілімі ұйымдастырылуда (бейнероликтер тәулігіне – 20 рет, аудиоджинглдер – 100 рет).