Президент: Елді индустрияландыру ісін одан әрі жалғастыруымыз керек

Президент: Елді индустрияландыру ісін одан әрі жалғастыруымыз керек
Фото: Ақорда
(0 Votes)

Келесі жылдан бастап ірі шикізат өндірушілер ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз етуге міндетті болады. Бұл туралы бүгін елордада «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform. 

«Елді индустрияландыру ісін одан әрі жалғастыруымыз керек. Бұл бағытта нақты шаралар қолға алынып жатыр. Екі жыл бұрын «Өнеркәсіп саясаты» туралы арнаулы заң қабылданды. Өңдеу кәсіпорындарын арзан шикізатпен қамтамасыз ету өте маңызды. Бүгінде ірі шикізат өндірушілермен 25 келісім жасалды. Бұдан бөлек, шикізат бағасын арзандату үшін қосымша шаралар қолға алынды. Келесі жылдан бастап ірі шикізат өндірушілер ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз етуге міндетті болады. Олар Қазақстандағы өңдеу мекемелерінің қажеттілігін толық өтесе ғана, шикізатты экспорттай алады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл шешім дайын өнім өндіруге және оны сыртқы нарыққа көбірек шығаруға ықпал етеді. Сондай-ақ мыңдаған жұмыс орнын ашуға септігін тигізеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT