Президент: «Екпе мәселесіне жауапкершілікпен қарауымыз тиіс»

(0 Votes)

Азаматтарымызды екпе мәселесіне жауапкершілікпен қарап, түрлі қауесеттерден аулақ болуға шақырамын.

Бұл туралы коронавирус індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі жиында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың twitter парақшасына сілтеме жасап.

«Азаматтарымызды екпе мәселесіне жауапкершілікпен қарап, түрлі қауесеттерден аулақ болуға шақырамын. Біз, ең алдымен, мына нәрсені түсінуіміз керек: халқымыздың денсаулығы мен материалдық игілігі жаппай вакцинациялауды табысты өткізуімізге байланысты. Биылқастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Бұл жыл пандемиямен күрестегі түбегейлі бетбұрыстың және коронавирустан біржола арылудың жылы болуға тиіс деп санаймын», - деді Мемлекет басшысы.

Президент «СҚ-Фармация» басшысына ескерту жасады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «СҚ-Фармацияның» жұмысын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жекелеген өңірлерде сатып алынатын жеке қорғану құралдарының тапшылығы немесе сапасының төмендігі байқалуда. Біз «СҚ-Фармация басшылығын ауыстырдық. Дәл қазір жаңа басшылықтың басқару мүмкіндіктерін көрсететін сәт келді. Олай болмаған жағдайда - жұмыстан босатылады», - деп ескертті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы іс-қимыл кеңесінде.

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT