Өткен тәулікте Атырау қаласында 51 адам инфекция жұқтырған, деп хабарлайды ATPress.kz
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау облысында 75 адамнан инфекция анықталған. Теңіз кенішінде қауіпті дертке шалдыққан 10 адам тіркелген. Махамбет – 6, Құрманғазы – 5, Жылыой – 2 және Индер ауданында 1 адамнан инфекция анықталған.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған 48 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.
Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 67 адам емделіп шықты.
Айта кетейік, қазіргі уақытта 242 адам үй жағдайында емделуде. Модульдік стационарда 147, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 37 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 266 адам ем қабылдауда.
Сурет: ашық дереккөз