banner_damu

Полиция камера көмегімен тұрғынның қомақты сомасы бар әмиянын тауып берді

(0 Votes)

Атырауда тұрғынның ұмыт қалдырған 200 мыңнан астам теңгесі бар әмиянын полиция камера көмегімен тауып, иесіне қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 жастағы азамат 200 мыңнан астам теңге салынған әмиянын жоғалтқанын хабарлаған.

«Осыған байланысты жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы тексеру жүргізген. Тексеру кезінде арызданушының сағат 11:50 шамасында «Дина» базарының жанынан «Largus» маркалы көлігін тоқтатқаны анықталды. Алайда, ол әмиянын көліктің үстіне қойып, алмай кеткен. Көлік темір жол вокзалы тұсындағы «Нұр» жанармай бекетінің маңына келгенде, оның үстіндегі әмиян жолға түсіп қалған. Әмиянды артқа келе жатқан «Ваз-2114» маркалы көлігінің жүргізушісі алып кеткен. Мұның бәрі бейнебақылау камерасынан анық көрінді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жедел басқару орталығының қызметкерлері «Ваз-2114» маркалы көлігінің мемлекеттік нөмірін анықтап, «Батыс» патрульдік полиция экипажына бағыттама берген. Экипаж қызметкерлері аталған көлікті тоқтатып, жүргізушісін қалалық полиция басқармасына жеткізген. Көлік жүргізушісі жолдан тауып алған әмиянды полиция басқармасына жеткізбек болғанын айтқан. Сол жерде қомақты ақшасы бар әмиян иесіне қайтарылған.

«Әмиянымды жоғалтқанымды білгенде, абдырап қалдым. Содан соң полиция қызметкерлерінен көмек сұрауға мәжбүр болдым. Полицейлер жедел әрекет етіп, әмиянымды ақшасымен бірге қайтарып берді» -дейді әимяны табылғанына қуанған азамат.

inform.kz

 

Мақат тынысы

podpiska_kaz

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика