Кәріздік тазалау жүйелері пайдалануға берілмек

(0 Votes)

Бұл туралы Атырау облысы құрылыс басқармасы басшының м.а. Зайнулла Маненов мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қоршаған ортаның ластануын алдын алу мақсатында салынатын инфроқұрылымдық жобалар құрылыс саласындағы маңызды бағыттардың бірі.

Зайнулла Маненовтың айтуынша, қазіргі уақытта аймақтағы экологиялық жағдайды жақсарту және облыс тұрғындарының сапалы коммуналдық қызметтерді пайдалануға мүмкіндік алуы үшін бірқатар инфроқұрылымдық жоба жүзеге асырылуда.

- Аймақта жүзеге асырылып жатқан басты инфроқұрылым жобасы өндірістік тәуліктік қуаты 70 000 текше метр болатын кәріз тазалау жүйесі. Жоба Атырау қаласының сол жақ жағалауында орналасады. Қазір барлық құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, ескертпелерді жою жұмыстары жасалуда. Нысанды тамыз айында пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз, – деді Зайнулла Маненов.

Бұдан бөлек, Махамбет және Құрманғазы аудандарының орталығына кәріздік тазалау жүйесінің құрылысын бастау үшін, жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталуда. Сондай-ақ, Исатай ауданының орталығы Аққыстау селосында да кәріздік тазалау жүйесін салу жобасы жүзеге асырылуда. Нысанның қолданысқа берілу уақыты тамыз айына жоспарлануда.

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521