Полицей ару екі бірдей әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Полицей ару екі бірдей әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
(0 Votes)

Атырау облысы полиция департаментінің қызметкері полиция аға лейтенанты Аида Хайруллина 2025 жылы қатарынан екі ірі халықаралық додада ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. 19-23 наурыз күндері Түркияның Анталия қаласында өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында Аида 72 келі салмақта күміс жүлдеге ие болды. Ал 16-22 маусым аралығында Бразилияның Сан-Паулу қаласында өткен «Gamma World MMA Championship 2025» турнирінде де дәл осы салмақта финалға дейін жетіп, тағы бір күміс жүлдені жеңіп алды.

Айта кетейік, MMA чемпионатына 78 елден 500-ден астам спортшы қатысып, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үздік үштікке енді.

– Бір жылдың ішінде екі әлем чемпионатына қатысып, ел абыройын қорғау – мен үшін үлкен жауапкершілік әрі мақтаныш. Бұл – әріптестерім мен отбасымның қолдауының, қажырлы еңбектің нәтижесі. Алдағы уақытта да ел сенімін ақтауға бар күшімді саламын, – деді Аида Хайруллина.

Қызмет пен спортты қатар алып жүрген тәртіп сақшысының бұл жетістігі – табандылықтың, еңбекқорлықтың және мақсатқа ұмтылыстың нақты көрінісі. Жас ұрпаққа үлгі боларлық бұл жеңіс – қажырлы дайындық пен жігерлі еңбектің жемісі

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT