Қазіргі уақытта өңірдегі медициналық мекемелер 25 оттегі концентраторымен қамтамасыз етілген, бүгін тағы 5 құрылғы келеді деп күтілуде, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді.
- Бүгінде провизорлық және барлық стационарларға оттегі концентраторлары қойылуда. Бұл арқылы кислородтық баллондар саны азаятын болады. Осының аясында жаңа ғимратақа кислородтық жүйені тартып жатырмыз. Аталған жұмыстар тамыз айының басында бітуі керек, - деп түсіндірді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.
Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Ербол Иманғалиевтің айтуынша, оттегі концентраторларын қолдану дәрігерлердің жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді. Өйткені, бұдан бұрын қолданыста болған кислородты баллондар ыңғайсыз болатын. Баллондар ауыр және оттегіні үнемі толтырып тұруды қажет ететін.
- Қазіргі уақытта біз көлемі 5 литр оттегі концентраторларын қолданып жатырмыз. Сәйкесінше, оттегі баллондарының санын азайтамыз, - деді Ербол Иманғалиев.