«Масканы иекке іліп алудың қажеті жоқ»

(0 Votes)

Ауданның бас санитары Гаухар Тоғаева адамдар кез келген байланыста арақашықтық сақтап, барлық жабық нысан ішінде маска тағу қажет екендігін ескертіп, масканы дұрыс киюге әлі де мән бермей жүрген азаматтар бар екендігін атап өтті.

"Адамдар көп жағдайда масканы иегіне тағып алады. Масканы иекке тағу адамды коронавирустан қорғамайды. Яғни, өзін де, өзгені де қорғау мүмкіндігі азаяды. Маска мұрын мен ауыз қуысын толық жауып, көздің астында тұруы қажет. Бет пен мұрын ол - адам ағзасына ауа енетін «негізгі қақпа». Сондықтан оның жабық тұруы абзал. Жабық мекемелерде, дүкен, дәріханаға кірген кезде үнемі маскамен кіру міндеттеледі. Егер маскасыз кірсе, жеке тұлға жауапкершілікке тартылады. Яғни, қауіпке қалқан болар масканы тақпағандарды айыппұл күтіп тұр.

Қарым-қатынастардан аулақ болу керек, бұл инфекцияның қоғамда таралуын азайтады", - дейді ауданның бас санитары.

Е.МЫРЗА

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT