Өткен тәулікте коронавирус індетінен 109 адам емделіп шықты

(0 Votes)

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «жасыл» аймақта, деп хабарлайды ATPress.kz

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 13 адам тіркелген. Бұл көрсеткіш Теңіз кенішінде 23, Жылыой ауданынанда 2 адамнан инфекция анықталған. 

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 8 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 109 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 151  адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 69 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 22 адам ем қабылдауда.

Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 278 адам ем қабылдауда.

 

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT