Облыс әкімі әлеуметтік желіде

(0 Votes)

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Facebook, Instagram әлеуметтік желісінде халықпен кері байланыс орнату үшін жеке парақшасын ашты, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

⁃ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Атырау облысының әкімі қызметіне тағайындалып, жұмысқа кірістім. Осы уақыт ішінде тілеулестік танытып, сәттілік сәлемін жолдаған жандарға рақметімді айтамын. Жұртпен қарым-қатынас орнатып, халықпен кері байланысты арттыру үшін әлеуметтік желілерде жеке парақшамды ашуды жөн санадым. Ендігі ретте осы платформа арқылы маңызды дүниелермен бөлісіп отырамын және облысымызды өркендету жолындағы ұсыныс-пікірлеріңізге ашықпын, деді С. Шәпкенов.

Облыс басшысы Атырау - экономикалық потенциалы жоғары өлке екендігін атап өтіп, өңірдің ел дамуы үшін маңызы зор екеніне тоқталды.

⁃ Маған облыстың тыныс-тіршілігі таныс. Бұған дейін сіздермен бірге бірнеше жыл Атыраудың дамуы жолында жұмыс істедім. Алдағы уақытта облысты жаңғырту жолындағы жұмыстарды жалғастыруда білімім мен тәжірибемді, күш-қуатымды жұмсауға дайынмын, деді өңір басшысы.

https://www.facebook.com/

https://www.instagram.com/

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT