Атырауда мектеп оқушылары өрт сөндірушілермен бір күн өткізді

(0 Votes)

Шара аясында оқушылар Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ішкі жұмыстарымен танысты.

Оқушыларға апаттық - құтқару техникалары, арнайы көліктер көрсетілді.

Сонымен бірге, құтқарушы кинологтар, қызметтік иттер жұмысы таныстырылды.

«Іс шара «Балалар жылына» орай ұйымдастырылып отыр. Мақсатымыз – жас буынның құтқару саласына қызығушылығын арттыру. Әрі өрт қауіпсіздігі туралы ақпараттандыру. Себебі, балалардың болашағы қауіпсіздіктен басталады» дейді Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Сәбит Битаев.

Еске сала кетелік, өткен жылы Атырау облысының аумағында 346 өрт ​ оқиғасы тіркелді. Салдарынан​ 6 адам зардап шегіп, 10 адам көз жұмды. Жыл басынан бері облыста
52 өрт оқиғасы тіркеліп отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT