ОБЛЫС ӘКІМІ ИСАТАЙ АУДАНЫНДА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ

(0 Votes)

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жұмыс  сапарымен Исатай ауданына барып, әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысты»,- деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ауданның негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі биыл 5 млрд 042 млн. теңгеге артқан. Мал шаруашылығы да дамып, төрт түліктің басы биыл 100,2 пайыз бен 100,7 пайыз аралығында өскен. Ал, 747 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.

 3f3fe899-2c35-4ee2-8a8e-cb07786902d8

Облыс әкімінің сапары Хамит Ерғалиев ауылындағы биыл пайдалануға берілген учаскелік полиция пунктінің жұмысымен танысудан басталды. Көлемі 91 шаршы метрді алып жатқан үйде пункт пен қызметтік пәтер орналасқан. Қызметтік пәтермен қоса, пункттің берілуі құқық қорғау қызметкеріне алаңсыз жұмыс жасауға негіз болмақ.

 043d626c-bf28-4c7b-89a5-93aed6b84055

Одан соң өңір басшысы өрт сөндіру депосының құрылыс жұмыстарын көзбен көрді. Аталған депо жоспар бойынша биыл жыл аяғына дейін пайдалануға берілмек. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Қуаныш Тоқсарин бұрынғы депо 1968 жылғы салынып, ескіргенін, жаңа ғимарат заманауи үлгіде тұрғызылып, аумағында қосымша қызметтік пәтер де қарастырылғанын айтты. Сол себепті пайдалануға берілетін жаңа қызметтік нысанды ұжымы асыға күтуде екендігін жеткізді.

 f85cb3a5-d476-4466-a3e9-5554f03b65ba

Сапар барысында аймақ басшысы аудан орталығында құрылысы жүріп жатқан 100 орындық жатақханасы бар Кәсіптік лицей мен 60 пәтерлік үш тұрғын үй құрылысы жағдайымен де танысты. Мұнда лицейдің кәріз жүйесін іске қосу мәселесі қаралып жатса, 60 пәтерлік үйлердің құрылысына қажетті кірпіш жетіспеуде екен. Махамбет Досмұхамбетов тапсырыс беруші мемлекеттік органдарға және мердігер компания өкілдеріне жұмыс қарқынын күшейтуді, әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

 443746c9-2948-4c47-af3a-7045b16d8f1b

Сонымен қатар, облыс әкімі Нарын каналының жай-күйімен танысты. «КазСуШар» РМК мекемесіне қарасты канал Махамбет ауданынан бастау алып, Исатай ауданының Қамысқала, Тұщықұдық, Аққыстау, Жанбай және Нарын ауылдық округтерін қамтиды. Мұнда қырық жылдан бері жөндеу жұмыстарының жүргізілмеуі салдарынан арналарынан су сыртына шығып кетіп тұр. Шлюздер ескірген, катловандарға тиісті деңгейде су жеткізілмей, жалпы канал тайызданған. Қазіргі таңда күрделі жөндеуді қажет етуде.

Өңір басшысы каналды күрделі жөндеу бойынша «КазСуШар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басшылығына мәселені көтеріп, жөндеу жұмыстарын жеделдетуді жеткізетінін айтты.

 5cc32fa4-c452-4db2-9072-cafefb9e7d32

Сондай-ақ, облыс әкімі Жанбай ауылындағы Дене шынықтыру кешенінің құрылысымен танысты. Ғимаратта волейбол, баскетбол және кіші аяқдопқа арналған үлкен зал мен дене шынықтыруға арналған кіші залы бар. Мұндай заманауи үлгідегі спорт кешені ауданға қарасты елді мекендерде алғаш салынуда.

«Жалынды Құрылыс» ЖШС директорының орынбасары Тоқтарбай Жылқыбаев өткен жылдың қазан айында жұмысы басталып, қазіргі таңда құрылысы 95 пайызға аяқталып тұрған спорт кешенін осы жылдың тамыз айында пайдалануға берілетінін мәлімдеді.

 a317f589-a209-4dd6-87ef-249ca7cbe1c7

«Ауданымызда соңғы уақытта көптеген жұмыстар атқарылуда. Айталық, саябақтар, ойын алаңдары пайдалануға берілсе, 60 пәтерлік үйдің құрылысы жүруде. Алдағы уақытта да осындай келелі шаралар тұрақты жүргізіліп тұрса, ауданымыз бұдан да жақсы деңгейге жетеді деп ойлаймын»,- деді Аққыстау селосының тұрғыны Құрмет Төлеуішев.

f280639e-c0f9-4eb6-8604-d939de5c3836

Өз кезегінде Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасанов бірінші кезекте аудан халқын алаңдататын ең өзекті әлеуметтік мәселелер, әсіресе, жол, ауыз су мен каналдарды шешуге басымдық беріп отырғанын айтты. Оның сөзінше, Аққыстау ауылішілік автокөлік жолдарының жөндеу жұмыстары тиісті деңгейде жүруде. 

«Аудан бойынша ауылішілік 169 шақырым жол болса, оның небары 37 пайызы жақсы және орташа күйде. Жоспарға сәйкес, бес ауылда                         54 шақырымға жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде, Бұл жұмыстар 2022 жылы аяқталады деп күтілуде. Ауылішілік жолдардың жөндеу жұмыстары өз мәресіне жеткен соң бұл көрсеткішті 70 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз»,-деген ол ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін алдағы уақытта істелетін жұмыстарға қатысты да облыс басшысына баяндады.

 b2ad1922-0bcc-400a-8326-6580d92e22a1

Жұмыс сапары соңында аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов аудан әкімі мен жауапты тұлғаларға жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының уақытылы аяқталуын қадағалауды, сапа мен қауіпсіздіктің басты орында болуын тапсырды. Сонымен қатар, эпидемиологиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстауды, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты тиісті жұмыстардың жүргізілуін міндеттеді.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT