Қарапайым жұмысшы – күрделі істің шебері. Ол — таң сәріден тұрып, ел игілігі үшін маңдай терін төгетін адам. Құрылысшы үй салып, дәнекерлеуші темір жалғап, электрик жарық орнатып, жүргізуші жолға шығып, ауыл шаруашылығы маманы мал бағып, егін егіп – әрқайсысы қоғам өміріне өлшеусіз үлес қосуда.
Жұмысшы болу — оңай жол емес. Бұл – тәртіп пен табандылықты, шеберлік пен шыдамдылықты талап ететін сала. Жұмысшы мамандықтар – тек бүгінгі емес, болашақтың да кепілі. Сондықтан бұл мамандық иелеріне деген құрмет әрқашан жоғары болуы тиіс деп ойлаймын.
Елдің дамуы – еңбек адамының арқасында.
Гүлдана СӘДУАҚАСОВА
Махамбет ауданы