Атырауда «Абайлаңыз- балалар!» республикалық акциясы өткізілуде

Атырауда «Абайлаңыз- балалар!» республикалық акциясы өткізілуде
Сурет видеодан алынды
(0 Votes)

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының негізінде 20-26 мамыр аралығында «Абайлаңыз- балалар!»республикалық акциясы өткізілуде.

Шараның басты мақсаты – мектеп жасындағы жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алып, оқушыларға жол жүру ережелерін таныстырып қана қоймай, оларды жол жүру қауіпсіздігін сақтауға дағдыландыру, сондай-ақ балалардың жарақат алуы мәселелеріне жүргізушілердің, ата-аналар мен мұғалімдердің назарын аудару.

Шара аясында білім беру мекемелерінде балалардың жол қозғалысы ережелеріне қатысты біліктілігін арттыру мақсатында арнайы лекциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, тренингтер мен сауалнамалар ұйымдастырылатын болады.

Сондай-ақ, жол қозғалысына қатысушы көлік құралдарының жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерден жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жолда мұқият әрі жауапты болулары сұралады.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT