МІНДЕТ ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

МІНДЕТ ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК
(0 Votes)

Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік қызметші мәртебесіне мемлекеттік лауазымына тағайындалған немесе сайланған сәттен бастап ие болады және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларға сәйкес, тиісті құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі туындайды. 

Міндеттері мен жауапкершілігін айтар болсақ, мемлекеттік қызметші - мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерін қалтқысыз әрі адал атқаруы тиіс.

Бұл ретте, мемлекеттік қызметшіге өзінің лауазымдық өкiлеттiктерін орындамағаны, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтамағаны немесе өз өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін тиісті жауапкершілігі айқындалған.

Мәселен, кейбір мемлекеттік қызметшілер өзіне жүктелген талаптарды сақтамай, яғни, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар, әдеп кодексінің талаптарын сақтамау және өзге де заңбұзушылық фактілеріне жол берілсе, сәйкесінше, мемлекеттік қызметшіге «ескерту» түріндегі тәртіптік жазадан бастап, «атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару» түріндегі тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.

Аталған жағдай, өз кезегінде, мемлекеттік қызметшіге қоғам тарапынан білдірілген ерекше сенімінен айырылуына себепкер болатынын атап өткен жөн.

Осыған орай, әрбір мемлекеттік қызметшінің теріс іс-әрекеті немесе әрекетсіздігінің салдары оның атқаратын лауазымын тоқтатуына негіз болуы мүмкіндігін әрдайым жадында сақтап, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиіс екендігін ұмытпауы қажет.

Осы тұста, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 «Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидалары, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» қаулысына сәйкес, қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуы бағытында тиісті біліктілік арттыру және қайта даярлау курстары ұйымдастырылуда.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Атырау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT