Әр еңбек қадірлі

(0 Votes)

 Қоғамның сан түрлі саласында еңбек етіп, сол саланының алға жылжуына үлес қосып жүрген жандарға қашанда құрмет ерекше. Тіпті ол мейірбике бола ма, әлде тазалықшы бола ма, бәрібір. Өйткені, маңдай терін төгіп жұмыс жасаған әрбір адам – қадірлі!

 Осы ретте Мемлекет басшысының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялағаны қоғам үшін маңызды әрі стратегиялық шешім болып табылады.

Бұндай бастама жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы рөлін көтеруге, жұмысшылардың мәртебесін арттыруға, сондай-ақ еңбек нарығында қажетті біліктілік пен дағдыларды дамытуға бағытталғаны анық. Олардың жұмысының бағалануы – бұл ең алдымен елдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына әсер етері сөзсіз. Осылайша жұмысшы мамандықтары жылының нәтижесінде қоғамдағы еңбектің сапасы артып, болашақта жұмысшы мамандарының маңызы одан әрі күшейе түспек.

Г. Жұбанышқалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT