МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬ ТАБЫСТАЛДЫ

МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬ ТАБЫСТАЛДЫ
(0 Votes)

Аптаның сәрсенбісінде Республика күніне орай аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан біртоп азаматтарына“Мақат ауданына 100 жыл” мерекелік медалін табыстау іс-шарасы өтті. 

Шарада алдымен сөз алған аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкин аудан тұрғындарын Республика күнімен құттықтап, ауданның өркендеу жолында еңбек еткен түрлі сала ардагерлері мен қызметкерлеріне мерекелік медалді табыс етті.

Олардың қатарында мұнай, теміржол, білім, денсаулық, коммуналдық сала, мемлекеттік қызмет, мәдениет және өнер, сондай-ақ қаржы саласының ардагерлері бар.

Сонымен қатар, аудандық «Халық банкі» филиалы, аудандық кірістер басқармасы, аудандық статистика, пошта байланыс торабы, «Қазақтелеком» АҚ Мақат желілік техникалық учаскесінің, аудандық қазынашылық басқармасының басшылары мен мешіт имамы марапатталды.

Ботакөз Асхатқызы

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521