24 қазан - Кітапханашылар күні

 24 қазан - Кітапханашылар күні
(0 Votes)

Жыл сайын 24 қазанда аталып өтетін Кітапханашылар күнімен құттықтаймыз.

Кітапхана – білім мен мәдениет сақталатын орын болса, сіздердің ерен еңбектеріңіз Қазақстан азаматтарына білім мен рухани құндылықтарға қол жеткізуге көмектеседі.

Елімізде 12 мыңға жуық кітапхана бар, олардың 4 мыңға жуығы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағында. Аталған кітапханаларда 9,5 мыңнан астам кітапханашы 73 миллионға жуық кітапты сақтаумен айналысады. Сіздер атқарып отырған еңбектеріңіздің арқасында 2020-2024 жылдар аралығында көпшілік кітапхана пайдаланушыларының саны 3 миллионнан 5 миллионға өсті. Электронды кітаптар мен құжаттарға жыл сайын әлемнің 110 елінің пайдаланушылары жүгінеді.

Министрлік кітапханаларды жаңғырту, оларды жабдықтау мен қорларды толықтыру жұмыстарын жалғастыруда. «Қазақстандық ұлттық электрондық кітапхана» жобасы айтарлықтай дамып келеді.

Сіздердің еңбектеріңіз бен мәдени мұраны сақтау жолындағы үлестеріңізге шынайы алғысымызды білдіреміз. Баршаңызға зор денсаулық пен табыс тілейміз.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521