Мен өз мамандығымды мақтан етемін»

(0 Votes)

Президентіміз биылғы жылды “Жұмысшы мамандықтары” жылы деп жариялады. Сол себепті де жұмысшы мамандықтарға сұраныс көбеюде.

 Ел экономикасының дамуында ауыл шаруашылығы саласының да маңызы зор. Бұл саланы заманауи техникасыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да білікті маман болу – үлкен абырой.

Мен Индер аудандық көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжінің «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» тобының ІІІ курс студентімін. Кішкентай кезімнен техникаға қызығушылығым жоғары болды. Мен өз мамандығым бойынша жеңіл автокөлік жүргізуді, техника ақауын тауып жөндеуді, жұмысқа дайындау және тракторды қосып жүргізуді үйренудемін. Әр саланың өз қиындықтары болады ғой, бірақ бұл менің қалауым болғандықтан маған қызықты әрі қатты ұнайды.

Мен өз мамандығымды мақтан тұтамын және болашақта еліміздің ауыл шаруашылығын дамытуға өз үлесімді қосуға дайынмын!

Дарина ГОРШКОВА

студенті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT