Жұмысшы мамандықтарының қадірі артып, оларға деген сұраныстың көбеюі – қуантарлық жағдай. Сауда – халық пен өндіріс арасындағы көпір. Мен ұзақ жылдан бері мамандығым бойынша сауда-саттық айналасында қызмет етіп келемін. Өз кәсібімді бастап жеке кәсіпкер болғаныма да 27 жылдай болды. Алдымен тұтынушылардың сұранысын зерттеп, сапалы өнім ұсынуға көңіл бөлдім.
Бүгінде кәсіпкер болу – үлкен жауапкершілік. Ең бастысы – адал еңбек ету.
Президенттің "Жұмысшы мамандықтары" жылын жариялауы – еліміздегі кәсіпкерлер мен еңбек адамдарына үлкен қолдау. Әркім өз ісін сүйіп, кәсібін дамытуға талпынса, еліміздің экономикасы да өркендей түсетініне сенемін.
Руза АЛИЕВА,
Жеке кәсіпкер,
Индер ауданы