Мемлекеттік рәміздер — ұлт мақтанышы: жастар форумына 200-ге жуық адам қатысты

Мемлекеттік рәміздер — ұлт мақтанышы: жастар форумына 200-ге жуық адам қатысты
(0 Votes)

Құлсары қаласында мемлекеттік Әнұран сөзінің авторы Жұмекен Нәжмеденовтің туғанына 90 жыл толуына орай «Мемлекеттік Рәміздер — ұлт мақтанышы» атты облыстық форум өтті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жиында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің басқарма басшысы Гүлдана Аргенова мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы мен мәніне, оны құрметтеу және дәріптеуге терең тоқталды.

            ⁃           Бүгінгі форум рәміздерді насихаттаумен қатар жастарды отансүйгіштікке баулып, патриоттық сезімдерін арттыруға көмектеседі. Рәміздердің заң талаптарына сәйкес қолданылуы туралы тереңінен ақпарат берілді. Әр қазақстандық әлемнің қай түкпірінде жүрсе де туды, әнұранды, елтаңбаны құрметтеуге тиіс. Бұл жиынның Атырау облысында ерекше тойлануының жөні бар. Себебі Әнұран сөзінің авторы Ж. Нәжмеденов осы өңірдің тумасы, - деді Г. Аргенова.

Сондай-ақ аудан азаматтары мен жастары Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражановтың алғыс хатымен марапатталды.

            ⁃           Бұл форум арқылы отанға деген сүйіспеншілік, рухани жаңғыру және рәміздерімізді өскелең ұрпаққа дәріптеу түйілді. Облыстың түпкір-түпкірінен келген аудан жастары бас қосып, өздерінің ойларымен бөлісті. Мұндай жиын жастарға үлкен серпін берді, - деді Махамбет ауданы жастар ресурстық орталығының мәдени үйлестірушісі Нұрбек Бақытжанов.

Қатысушылар форумды Ақкегершін үстіртінде тимбилдингпен аяқтады.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT